World Boxing ұйымына мүше елдер саны 175-ке жетті

548

Халықаралық олимпиадалық комитеті мойындаған World Boxing ұйымының құрамына кіретін елдер саны 175-ке дейін артты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

World Boxing ұйымына мүше елдер саны 175-ке жетті Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Ұйымға әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Жуырда Атқарушы комитет Антигуа және Барбуда, Камерун, Кюрасао, Габон, Гренада, Оңтүстік Африка Республикасы және Вануату елдерінің бокс федерацияларын мүшелікке қабылдауды мақұлдады.

Айта кетейік, жаңа мүшелікке өтініш берген федерациялар қатаң іріктеуден өтті. Олар басқару жүйесінде ашық әрі әділ сайлау өткізетінін дәлелдеп, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) талаптарына сай антидопингтік саясатты ұстанатынын растады. Сонымен қатар, дауларды шешу мен апелляция беру процестерінің тәуелсіз немесе сыртқы бақылау арқылы жүзеге асатыны да ескерілді.

World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Ал 2025 жылдың қараша айында ұйым басшылығына қазақстандық танымал боксшы әрі тәжірибелі маман Геннадий Головкин тағайындалды. Оның өкілеттік мерзімі 3 жылға созылып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дейін жалғасады.

Бұған дейін бұл қызметті нидерландтық Борис ван дер Ворст атқарған болатын.

Биыл ұйым тарапынан бірқатар ірі жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, жазғы Азия ойындары, сондай-ақ өткен жылдағыдай әлем кубогы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу