WTA 500 Adelaide 2 турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

910

Қазақстанның ең мықты деген теннисшілері беделді турнирлерде ел намысын қорғайды.

WTA 500 Adelaide 2 турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды Фото: ktf.kz

Келесі аптада Аустралия мен Жаңа Зеландияда Australian Open 2023 додасы алдындағы финалдық турнирлер өтеді. Осы орайда WTA 500 Adelaide 2 турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті. Бірінші айналымда 2022-жылғы Уимблдон  чемпионы Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен күш сынасады. Сондай-ақ қазақстандық теннисші Анастасия Павлюченковамен (Ресей)жұптық сайыста да өнер көрсетеді. Қазақстанның жұптық сында бірінші ракеткасы Анна Данилина Сания Мирзамен дуэтте алғашқы айналымда Осы жарыстың көшбасшылары Барбора Крейчикова (Чехия)/Сторм Хантер(Аустралия) жұбымен сынға түседі.

Хобарттағы (Аустралия) WTA 250 турнирінде Юлия Путинцева 2023 жылы дебюттік кездесуінде америкалық Клэр Люмен кездеседі. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Оклендте (Жаңа Зеландия) өтіп жатқан ATP 250 жарысының бірінші айналымында бельгиялық Давид Гоффинге қарсы ойнайды. Александр жұптық турнирде аустралиялық Джон Смитпен бірге өнер көрсетеді. Андрей Голубев пен Александр Недовесов Аделаидада (Австралия) ATP 250 бірінші айналымында польшалықтар Уго Нис/Ян Зелинский жұбымен кездеседі.

Сонымен қатар жарты жылдық үзілістен кейін Зарина Дияс тенниске қайта оралмақшы. Естеріңізге сала кетейік, Зарина өткен жылдың маусым айында Уимблдондағы жарақатына байланысты жарысты мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.  

"Өткен жыл мен үшін күрделі болды. Денсаулығыма орай қиындықтар туындап, үзіліс алуыма тура келді. Сондықтан рейтингім де төмендеп кетті. Қазір қалпыма келіп жатырмын, денсаулығым жақсарып қалды. Теннис, турнир, жанкүйерлерді сағындым. Тенниске сәуір айында оралуды көздеп отырмын. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтап, тыныштық, ашық аспан, бар жақсылықты тілеймін!", - деді Дияс.

Ал Нонтабури 2 Челленджер 75 (Тайланд) турнирінің алғашқы айналымында Бейбіт Жукаев Вичая Трончареончайкукпен (Таиланд) кездеседі. Ал Денис Евсеевтің қарсыласы іріктеу кезеңінде анықталады.

Қазақстандық жасөспірімдер де жаңа теннис маусымындағы алғашқы кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Ерасыл Ерділда, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы, Данир Қалдыбеков, Дана Байдәулет, Ая Нүпбай, Асылжан Арыстанбекова Үндістанда ITF Junors екінші санатты турнирінде өнер көрсетеді. Заңғар Нұрланұлы да Словакияда ITF Juniors екінші санатты турниріне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу