XDS Astana Team 100 жылдық тарихы бар жарыстың жеңімпазы атанды

243

Биыл елордалық велокоманданың аяқ алысы жаман емес. 

XDS Astana Team 100 жылдық тарихы бар жарыстың жеңімпазы атанды Фото: XDS Astana Team

Велоспорт әлемінің назарын өзіне аударған мерейтойлық 100-ші Венгрия туры мәресіне жетті.

Бұл тарихи жарыстың басты кейіпкері – қазақстандық XDS Astana Team командасының шабандозы Харольд Мартин Лопес болды.

Ол тартысты додада өзінің шеберлігін, көшбасшылық қасиетін дәлелдеп, жалпы есепте жеңіске жетті.

Шешуші сәт таулы кезеңде басталды. Қарсыластар бірінен соң бірі шабуыл жасап жатқанда, Лопес төзімділік танытып, күрделі өрлеуде өзінің нағыз әлеуетін паш етті.

Сол күнгі жеңіс оған жейдені ғана емес сенімділік пен моральдық үстемдік берді. Ал қалған күндері XDS Astana Team ұжымы бір тудың астында жұдырықтай жұмылып, көшбасшысын қорғап, жеңіске жетті. 

Соңғы кезеңдегі бұралаңдаған брусчаткалы жол мен қиындығы көп тас жол бас классификацияны өзгерте алмады. Осылайша, Харольд Мартин Лопес Венгрия турының чемпионы атанды. 

"Бүгінгі кезең оңай болмады. Бұл кәдімгі біркүндік классикалық жарыстарға ұқсады. Бірақ команда тамаша жұмыс істеді. Олардың көмегінсіз бұл жеңіс болмас еді. Жігіттер мені керемет қорғап, шешуші сәтте алға алып шықты. Мен өз кезегімде әр шабуылға жауап беруге дайын болдым. Бұл жеңіс – ортақ еңбектің жемісі. Маусымның алғашқы жартысы мен үшін сәтті өтті. Енді аздап тынығып, жаңа мақсаттарға дайындаламын. Командама шексіз алғыс!" – деді Лопес.

Бұл жеңіс жай ғана жеке жетістік емес. Бұл XDS Astana Team командасының ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі, Қазақстан велоспортының халықаралық ареналарда жарқырай түскен тағы бір сәті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу