XDS Astana Team шабандозы Испанияда өткен жарыста жеңіс тұғырына көтерілді

306

XDS Astana Team жаңа маусымды сәтті бастады.

XDS Astana Team шабандозы Испанияда өткен жарыста жеңіс тұғырына көтерілді Фото: xds-astana.com

Елордалық команданың италиялық велошабандозы Кристиан Скарони сәрсенбі күні "Трофео Кальвия" біркүндік классикалық жарысында екінші орын иеленіп, жаңа маусымда XDS Astana Team қоржынын екінші күміс жүлдемен толықтырды. 

Биыл 26-шы рет өтіп жатқан "Трофео Кальвия" Испаниядағы "Майорка Челленджі" біркүндік классикалық жарыстар циклінің бір бөлігі болып. Велодода Балеар аралдарында өтуде. 149,6 шақырымдық жарыс жолына 25 клубтың өкілдері қатысты. Оның сегізі әлемдік тур командасы, он екісі кәсіби құрлықтық және бесеуі құрлықтық команда.

Рельефтің күрделілігіне қарамастан, XDS Astana Team велододаны белсенді өткізді. Жарыс жолының екінші жартысында үнемі шабуылдап отырды. Кристиан Скарони, Клеман Шампуссан және Антон Чармиг үнемі алдыңғы қатарда көшбасшы топта болды. Нәтижесінде, классикалық сайыстың соңғы шақырымдарында Скарони көшбасшылар қатарында болды және тек жеңімпаз, UAE Team Emirates-XRG командасының швейцариялық шабандозы Ян Кристенге алты секунд жол берді. Үшінші орынды жеңімпаздың командаласы, португалиялық Антонио Моргадо иеленді. Қазақстандық команданың тағы бір шабандозы, Симоне Веласко, жетінші болып мәреге жетті, ал Скарони күміс жүлдеден бөлек, таулы классификациясы бойынша жүлде жеңіп алды.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Клеман Шампуссан "Кастельон Гран-приінде" үшінші орынға, Кристиан Скарони "Валенсия Классикасында" екінші орынға ие болған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу