XDS Astana Team Түркияда табысты өнер көрсетті

270

Елордалық команданың велошабандоздары биыл Әлем Тур аясында керемет нәтиже көрсетуде. 

XDS Astana Team Түркияда табысты өнер көрсетті Фото: XDS Astana Team

Измирде "Түркия Президентінің туры" веложарысы сәтті аяқталды.

Соңғы кезеңде XDS Astana Team шабандозы Маттео Малучелли жеңіске жетті.

Бұл команда үшін жарыстағы төртінші кезеңдік жеңіс болды. Бұған дейін Лев Гонов (3-кезең), Ваут Пулс (4-кезең) және Харольд Мартин Лопес (6-кезең) топ жарған.

– Бұл маусымдағы екінші табысым. Бұл жерде жеңіске жетуді қатты қаладым. Бірінші кезеңде жеңіске бір қадам жетпей қалдым. Кеше де сәл ғана жетпей қалды. Ал бүгін бәрі ойдағыдай өтті. Бұл – менің маусымдағы екінші жетістігім. Бұған дейін "Хайнань туры" кезеңінде жеңіске жеткенмін. Енді мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Бірнеше жылдан кейін Әлемдік Тур командасы сапында жарысқа қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бұл мүмкіндікті толық пайдалануға тырысамын, – деді Малучелли.

Ваут Пулс жарыстың жалпы есебінде жеңімпаз атанып, тау классификациясында да үздік болды.

– Бұл біз үшін мінсіз апта. Команданың ұйымшылдығы мен қолдауы арқасында маңызды жеңіске жеттік, – деді Пулс.

Харольд Мартин Лопес жалпы есепте екінші орын алып, команданың жетістігіне зор үлес қосты.

– Жарақаттан кейінгі бабым жақсы болды. Команданың қолдауы басты фактор және жеңістің кілті болды. Табысты өнер көрсеткенімізге өте қуаныштымын, – деді Лопес.

Айта кетейік, Түркия Президенттік туры биыл 60-мәрте ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу