XDS Astana Team командасының шабандоздары жарысты керемет өткізіп, үнемі шабуылдың алдыңғы шебінде болды.
Алдымен Кристиан Скарони, Симоне Веласко, Лоренцо Фортунато және Клеман Шампуссан үлкен топқа қосылды. Кейін Альто Колладо Бермехо асуына жеткенде төрт шабандоздан құралған топ негізгі топтан бөлініп шықты. Олардың арасында Симоне Веласко да болды.
Топты қуып жеткеннен кейін соңғы өрлеу – Альто Креста дель Галло жолында Кристиан Скарони шабуыл жасады. Бірақ, төмен түскеннен кейін оны қуғыншылар қуып жетті.
Нәтижесінде, жарыс тағдыры спринтте шешіліп, Скарони 3-орынға ие болды. Ал Клеман Шампуссан (4-орын) және Лоренцо Фортунато (5-орын) Скарониден кейін мәре сызығын кесті.
"Жарыстың соңғы 100 шақырымы өте шиеленісті өтті. Барлығы 100% күш-жігерін жұмсады. Біз әрдайым алдыңғы қатарда болып, жағдайды бақылауға тырыстық. Дегенмен UAETeam командасы қарқынын күшейтті. Соған қарамастан біз әрдайым алдыңғы қатарда болдық. Кейін шағын топ бөлініп шықты. Біздің командадан Симоне Веласко сол топта болды. Сондықтан жағдай біз үшін қолайлы еді. Кейін оларды пелотон қуып жетті де, жаңа шабуылдар басталды. Спринтте бар күшімді салдым. Бірақ бүгін менен жылдамырақ шабандоз жеңіске жетті. Жалпы, жүлделі орынға ие болғанымызға және командамыздың бүгінгі жарысты жақсы өткізгеніне қуаныштымын", – деді Кристиан Скарони.
Айта кетейік, елордалық велокоманда енді 17-23 ақпан аралығында "Біріккен Араб Әмірліктері турына" қатысады.
Спорт директорлары Марк Реншоу мен Питер Кенноктың жетекшілігеімен команда сапынан Аарон Гейт, Серхио Игита, Флориан Самуэль Каямини, Харольд Техада, Иде Схеллинг, Маттео Малучелли, Хаоюй Су жарыс жолына шығады.