XDS Astana Team велошабандозы Жаңа Зеландия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

249

Елордалық велокоманданың жаңазеландиялық шабандозы Аарон Гейт Тимаруда өткен Жаңа Зеландия чемпионатында жекелей жарыста екінші орынға ие болды.

XDS Astana Team велошабандозы Жаңа Зеландия чемпионатында күміс жүлдегер атанды Фото: XDS Astana Team

Аарон Гейт 37,4 шақырымдық жарыс жолын 48 минут 3 секундта бағындырып, жарыс жеңімпазы Фин Фишер-Блэктен 34 секундтан кейін мәре сызығын екінші болып кесті.

Үшінші болып St George Continental Cycling Team командасынан Том Секстон келді, ол жеңімпаздан 1 минут 20 секундқа қалып қойды.

Аарон Гейт, бұған дейін 2021 және 2023 жылдары осы дисциплинада Жаңа Зеландия чемпионы атанған.

Ол осы жарыстан соң өз нәтижесіне көңілі толатынын, өткен жылмен салыстырғанда нәтижесін жақсартқанын атап өтті. Енді алдағы топтық жарыста сәтті өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.

"Бүгінгі жеңіс тұғыры маған әртүрлі сезімдер сыйлайды. Әрине, ұлттық чемпионаттың жейдесі сарапқа салынып жатқанда,  әрқашанда жеңіске жеткенді қалайсың. Бірақ, өткен жылғыдан әлдеқайда жақсы өнер көрсеткеніме қарамастам, мен Фин Фишер-Блэкпен жекпе-жекке шыға алмадым. Ол жеңіске лайықты. Енді бар ойым өткен жылғы титулымды қорғайтын топтық жарыста. Бұл аптадағы менің басты мақсатым сол", – деді Аарон Гейт.

Биылғы маусымда әлемдік турда Гейт Аустралияда өткен бір күндік Cadel Evans Great Ocean Road Race жарысында XDS Astana Team командасына күміс жүлде әкелген болатын.

Айта кетейік, жыл басында Қытай нарығындағы жетекші велосипед бренді XDS беделді UCI World Team Astana командасына қомақты инвестиция салып, команда атауы демеушіге байланысты XDS Astana Team өзгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу