Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында қоржынымызға жүлде түсті. Спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық сайысында Ришад Хайбуллин алғаш рет қола жүлдеге ие болды.
Қытайлық Джиан Гуо Лонг – 4,74 секунд нәтижесімен алтын, ал Киромал Катибин 4,81 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін Ришад Хайбуллин 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарында жылдамдық сайысы бойынша 6-орынға тұрақтаған еді.
Енді ертең Ришад Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Бекнұр Алтынбеков бастаған жігіттеріміз командалық эстафетада сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу