Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 21 ғасырда алғаш рет әлем чемпионы атанды

302

Ол Загребте өткен Әлем чемпионатының финалында өзбек балуаны Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен таза жеңіп, көк байрағымызды биікке көтерді.

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 21 ғасырда алғаш рет әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Бұл – Қазақстан үшін 26 жылдан кейінгі тарихи алтын. Соңғы рет біздің балуандар 1999 жылы әлемдік біріншілікте топ жарған болатын.

Ол кезде Мхитар Манукян жеңіске жетсе, 1998 жылы Бахтияр Байсейітов чемпион атанған еді.

"Қашан қазақ баласы тарихты жаңартады деп ойлап жүрдім. Міне, сол күн келді!" – деді Айдос Сұлтанғали жеңістен кейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу