Салтанатты шараға Грекия президенті Константинос Тасулас, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Кирсти Ковентри, 2026 жылғы Олимпиада және Паралимпиаданың ұйымдастыру комитетінің президенті Джованни Малаго, Грекияның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Исидорос Кувелос қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алау 26 қаңтарда Кортина-д’Ампеццо қаласына жеткізіледі. Оны алғашқы болып академиялық ескек есуден 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Петрос Гайдатзис алып жүреді деп жоспарланған.
Айта кетейік, Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.