Якоб Фульсанг: "Астананың" қалай дамып жатқанына көңілім толады

1328

"Астана Про Тим" командасының велошабандозы Якоб Фульсанг карантинде уақытын қалай өткізгені, сонымен қатар жаттығулар мен велоспорт, отбасы жайлы әңгімеледі.

Якоб Фульсанг: "Астананың" қалай дамып жатқанына көңілім толады

- Қазіргі таңда жиі қойылатын сұрақтан бастасам. Екі айға созылған карантин сіз үшін қалай өтті?

- Карантин басталуға бірнеше күн қалғанда біз отбасымызбен әйелімнің ата-анасының үйіне Люксембургке кетіп қалдық. Монакода ерекше режимнен қашып құтыла алмайтынымызды білдік. Карантин уақытында пәтерде үш жасқа да толмаған кішкентай қызымызбен қалсақ не боларын түсіндік. Сондықтан мұндай жағдайда дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймын. Нәтижесінде ауылдағы үйге барамыз деп шештік. Онда үлкен бақша бар. Сондай-ақ ол жақта тас жолда менің жаттығуға мүмкіндігім болды. Әрине, Tacx бағдарламасы бойынша станокта да жаттықтым. Жігіттермен бірге виртуалды "Джироға" қатысып, жеңіске жеттік. Дегенмен таза ауада көп серуендедім. Отбасымның карантин уақытында мүмкіндігі көп болды деуге болады. Себебі Еуропаның көптеген мемлекеттері бізбен салыстырғанда өздерін көп нәрседен шекетуге тура келді.

- Сіздің күнделікті жаттығуыңыз қалай өтеді?

- Әрине, бұрынғымен салыстырғанда қарқыным басылды. Егер жарыс болмаса, өте қарқынды дайындалудың қажеті де жоқ. Жай ғана бабымды сақтап қалу үшін жаттықтым. Негізі қыс мезгіліндегі жаттығуыма ұқсас өтті. Гаражды жаттығу залы сияқты жабдықтап, сонда әр түрлі жаттығулар жасадым. Ең бастысы тоқтап қалған жоқпын.

- Қазіргі жағдайыңызды он баллдық жүйе бойынша қалай бағалайсыз?

- Жалпы алғанда шамамен 6-7 балл болар және келесі жарыстарға қанша уақыт қалғанын ескеретін болсақ, бұл көрсеткіш жаман емес. Біз Монакоға қайта оралғанда жаттығуымды көбейте бастадым. Өзімді тамаша сезінемін. Тіпті маусымаралық уақытпен салыстырғанда өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін.  

 - Виртуалды жарыстардан алған әсеріңіз? Сіз де, команда да жаман нәтиже көрсеткен жоқсыздар.

- Өте қызықты өтті. Пайдасы жоқ деп айта алмаймын. Негізі мен виртуалды адам емеспін. Онлайн емес, нағыз өмір сүруді жөн деп санаймын. Бірнеше сағат бойы станокта отыруға шыдамым жетпейді. Кім біледі. Егер карантин болып, үйде отырсақ, бәлкім үйренісіп те кетер ме едім.

- Ал психологиялық тұрғыдан алғанда осындай кризис уақытында сізге не көмектесті?

- Шынымды айтсам, басында ауыр соққы болып тиді. Кәсіби спортшы үшін бұл қалыптан тыс жағдай. Болашақта не күтіп тұғанын да білмейсің. Кішкентай қызыма да оңай болған жоқ. Ол балабақшаға баратын. Ал, карантин уақытында екі ай бойы достарымен ойнауға да мүмкіндігі болмады. Алайда қазіргі таңда басқа адамдардың қандай қиын жағдайда екенін ойласам, менің жағдайыма шағымдану күнә деп есептеймін. Мен ешқашан 120 пайызға велоспортпен өмір сүрген емеспін. Егер сенің велоспорттан да басқа өмірің болса, онда мұндай кризистерді бастан өткеру қиынға соқпайды. Отбасымызбен бірге осыншама уақыт өткізгенімізді бағалаймын. Велоспорттан басқа да жұмыстарым бар. Былтыр біз достарымызбен бірлесіп, велоспортқа арналған элиталық спорттық киімдер шығаратын бизнес аштық. Сондықтан іскерлік мәселелерді шешуге мүмкіндік туды. Спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін осы іспен айналысамын.

- Жарыстар мен жаттығу жиындарына байланысты алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз?

- Шілденің ортасына таман біз таулы аймаққа аттанамыз. Команданы екі топқа бөлді. Яғни испаниялық шабандоздар Сьерра-Невадаға, ал Италияда және алыс-жақын аймақтарда тұратын қалған шабандоздар Ливиньоға баратын болды. Логистика жағынан да, медицина тұрғысынан алып қарайтын болсақ бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Жарыстардың жоспары бойынша қазіргі таңда "Астананың" қалай дамып жатқанына көңілім толады. Алғаш команда сапына келіп қосылғанда "Астана" 100 пайызға тек көпкүндіктерге бағытталған клуб болса, қазіргі таңда ол әмбебап команда. "Астана" классикалық жарыстарда да үлкен жетістіктерге жетіп жүр.

- Сөз соңында отбасыңыз жайлы әңгімелесеңіз. Әйеліңізбен бірге велосипед тебуге шығып тұрасыздар ма?

- Иә, кейде. Әйелім бұрын менің ескі велесебедімді тебетін. Алайда ол жаңа велесебедіме отырып көргеннен кейін менің тыныштығым бұзылды деуге болады. Маған осындай тежегіші бар велосипед керек, дейді әйелім. Wilier велесебедіне тапсырыс бердік. Бірақ, ол менімен бірге велосипед тепкенді ұнатпайды. Мен ол үшін өте жылдам жүремін. Тіпті демалыс күндері де солай. Оған құрбыларымен бірге велосипед тепкен көбірек ұнайды. Мұнда ол Уго Ульдің құрбысымен бірге жүреді. Олар жақын маңдағы кофейняға жету үшін емес, жай ғана жүріп қоймай, бірнеше күн бұрын төрт сағат бойы, ал бүгін төрт жарым сағат бойы велосипедпен жүріпті.

 - Мұндай отбасының қызы да өскенде велосипедші болатын шығар?

– Әзірге қызым кішкентай. Өскен соң оны маунтинбайкке отырғызып, тауға апарамын. Тау жолдарымен достарымен бірге велосипед тебуді үйретемін.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу