Якоб Фульсанг екінші мәрте "Андалусия Вуэльтасының" жеңімпазы атанды

1961

"Астана Про Тим" велокомандасының капитаны Якоб Фульсанг Михас қаласында аяқталған беделді "Андалусия Вуэльтасы" көпкүндігінің бас классификациясын жеңіп алды.

Якоб Фульсанг екінші мәрте "Андалусия Вуэльтасының" жеңімпазы атанды

Бұған дейін Фульсанг "Андалусия Вуэльтасында" былтыр да жеңіске жеткен болатын. Көпкүндіктің 5-кезеңі аясында шабандоздар Михас қаласында 13 шақырымдық жекелей жарыс жолын жүріп өтті. Якоб кезең жеңімпазы Дилан Тёнске небәрі 0,8 секунд уақыт ұтылып, 2-орынға ие болды.

- Жекелей уақытқа арналған жарыс жолын жақсы жүріп өттім. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және былтырғы жылғы жетістігіме биыл да қол жеткіздім. Бұл маусымның тамаша бастамасы болды. Жарыс оңайға соқпады. Велобәйгенің алғашқы күні жеңіп алған жейдені сақтап қалу үшін басқа командаларға қарсы төтеп беруге тура келді. Командамыз өте керемет жұмыс атқарды. Иә, мен жарыс жеңімпазымын. Бірақ, мұның барлығы командаластарымның арқасында. Бүгінгі кезеңдегі басты мақсатымыз сары жейдені сақтап қалу болатын. Құлди жолдарында аса тәуекелге бара қойған жоқпын. Сондықтан 2-орын иеленгенім де тамаша көрсеткіш деп ойлаймын. Маусым жақсы өтеді деген ойдамын. Бүгінгі нәтиже өз-өзіме деген сенімділік сыйлады. Енді келесі алға қойған мақсаттарымды жүзеге асыруға тырысамын, - деді Якоб Фульсанг.

"Астана Про Тимнің" тағы бір шабандозы Йон Исагирре жекелей жарысты жақсы нәтижемен аяқтап, 6-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш Исагирреге бас классификация бойынша 4-орынды сақтап қалуға септігін тигізді. Сонымен қатар финалдық кезеңде қазақстандық жас шабандоз Вадим Пронский де лайықты өнер көрсетіп, 22-орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу