Якоб Фульсанг жалпы есепте көш бастап тұр

1564

"Астана Про Тим" командасының капитаны Якоб Фульсанг "Андалусия Вуэльтасының" 2-кезеңінде 6-орын иеленіп, жалпы есепте көшбасшылығын сақтап қалды.

Якоб Фульсанг жалпы есепте көш бастап тұр

Якоб Фульсанг тағы екі – спринтерлік және тау классификациясы бойынша көш басында келеді. Сонымен қатар "Астана Про Тимнің" шабандозы Йон Исагирре 2-кезең қорытындысы бойынша 8-нәтиже көрсетті.

- Жейдені сақтап қалғанымызға өте қуаныштымын. Себебі бүгінгі жарыс күні өте қиынға соқты. Қолдау көрсеткен командадағы әріптестеріме алғысымды білдіремін. Жігіттер күні бойы алдыңғы шепте керемет жұмыс атқарып, финалдық асуда мені жақсы позицияға шығарды. Ертең бізді тағы бір ауыр күн күтіп тұр. Өзімді жақсы сезінемін және көшбасшы жейдесін сақтап қалу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын, - деді Якоб Фульсанг.

- Команда бүгін өте тамаша жұмыс атқарды. Кезең ұзаққа созылды және жарыс жолдарында асулар өте көп кесдесті. Шабандоздарымыздың барлығы бірге Якоб Фульсангты қорғаумен болды. Кезеңнің соңғы асуына жеткенде Якоб пен Йон керемет өнер көрсетіп, жарыс күнін он үздіктің қатарында аяқтады. Якоб 6-нәтиже, ал Йон 8-нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда Фульсанг бірден үш классификация бойынша көшбасшылығын жалғастыруда. Ал Йон 5-орынға көтерілді. Ертеңгі кезең де оңай емес. Бірақ, өткен екі кезең нәтижесі бізге өз-өзімізге деген сенімділік сыйлады. Мүмкіндігінше көшбасшылығымызды сақтап қалуға тырысамыз, - деді "Астана Про Тим" командасының спорттық директоры Александр Шефер.

Кешегі жеңістен кейін "Андалусия Вуэльтасының" екінші жарыс күнінде қазақстандық команданың басты мақсаты жалпы есеп бойынша көшбасшылықты сақтап қалу болатын. 2-кезең Севильядан басталып, 198.1 шақырымнан кейін Иснахарда мәресіне жетті. Жарыс жолының алғашқы шақырымдарынан бастап-ақ көшбасшы топ құрылып, олар негізгі топтан 5 минуттай басымдылыққа ие болды. Ал "Астана Про Тим" пелотондағы жағдайды өз бақылауына алып, көшбасшылардың ізіне түсті. Шамамен финишке 15 шақырым қалғанда негізгі топ көшбасшыларды қуып жетті. Соңғы, қысқа әрі тік орналасқан асуда командалар өз шабандоздарын алдыңғы шепке шығара бастады. Иснахар қаласындағы шешуші асуда Фульсанг пен Йон Исагирре жақсы нәтиже көрсету үшін барын салды. Нәтижесінде финиште Якоб 6-орын, Йон 8-орынға ие болды.

Кезең қорытындысы бойынша Якоб Фульсанг көшбасшы жейдесін сақтап қалса, Йон Исагирре 5-орынға көтерілді.

Ертең "Андалусия Вуэльтасының" 3-кезеңі өтеді. Хаэн - Убед жарыс бағыты бойынша өтетін кезеңнің ұзақтығы 179 шақырымды құрайды.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу