Ян Вороговский коронавирус жұқтырды

1408

Вороговскийді "Тобыл" ойыншысы Дмитрий Мирошниченко алмастырады.

Ян  Вороговский коронавирус жұқтырды

Бельгиялық "Беерсхот" клубының қорғаушысы Ян Вороговский коронавирус жұқтырғандықтан, Қазақстан құрамасына Албания мен Беларуссияға қарсы матчтарда көмектесе алмайды. ҚФФ ресми сайтында хабарланғандай, Вороговскийдің орнына қостанайлық "Тобылдың" қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко Қазақстан құрамасына шақыртылды.

11 қазанда Қазақстан құрамасы Алматыда Албаниямен, ал 15 қазанда қонақта Беларуссиямен ойнайды. Албания құрамасы да коронавирустың салдарынан бірнеше ойыншысынан айырылды.

5 қазаннан бастап ФИФА терезесі аясында ұлттық құрамалар мен жастар құрамаларының ойындары өтеді. Осыған байланысты "Астананың" 12 футболшысы да өз құрамаларының сапына аттанады. Жартылай қорғаушылар Сұлтан Сағнаев пен Мәди Жақыпбаев және шабуылшы Рамазан Каримов Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды. Біздің құрама Солтүстік Македония және Испанияға қарсы екі ойын өткізеді.
Ал Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар Лигасы аясындағы Беларусь және Албанияға қарсы өткізетін ойындарына - қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушы Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушы Юрий Перцух және шабуылшы Алексей Щеткин шақыртылды.
Беларусь құрамасына шақырту алған "Астананың" екі орталық жартылай қорғаушысы Иван Маевский мен Макс Эбонг Қазақстанға қарсы ойнауы мүмкін. Беларустықтар қазақстандықтардан бөлек, Ұлттар Лигасы аясында Грузия және Литваға қарсы ойнайды. 

Сондай-ақ, өз құрамаларына Рунар Мар Сигурьонссон (Исландия), Тигран Барсегян (Армения) және Пиерос Сотириу (Кипр) шақырту алды. Исландиялықтар Ұлттар Лигасында Румыния, Дания және Белгияға қарсы кездесу өткізеді. Ал Армения құрамасын алда Албанияға қарсы жолдастық кездесу және Ұлттар Лигасында Грузия мен Эстонияға қарсы ойын күтіп тұр. 
Кипрліктерді де қазан айында үш ойын күтіп тұр. Олар Чехияға қарсы жолдастық кездесу өткізсе, Ұлттар Лигасы аясында Люксембург және Әзірбайжан құрамаларымен кездеседі. Және де өз құрамасына қорғаушы Жарко Томашевич шақырту алған. Алайда, ол жарақатына байланысты Черногория құрамасының алдағы ойындарына қатыса алмайды.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу