"Яндекс" акциялары 3 пайызға арзандады

13581

29 шілдеде "Яндекс" акциялары Мосбиржада 3 пайызға төмендеді. Бұл туралы РБК агенттігі жариялады.

"Яндекс" акциялары 3 пайызға арзандады

"Единая Россия" депутаты Антон Горелкин жергілікті сайт иелері арасындағы шетелдіктердің 20 пайыздық үлесін шектейтін заң жобасын Госдумаға ұсынған болатын. Құжат әлі қабылданбады. Егер заң бұзылса, осы ресурстарда жарнама жасауға және басқа жерлерде ресурстың жарнамасын жүргізуге тыйым салынады. Горелкиннің айтуынша,  бұл заң жобасы "Яндексті" шектейді. Ол "Интерфакске" берген сұхбатында құжаттың Mail.Ru Group-ке де бағытталатынын айтты.

Айта кететін жайт, "Яндекстің" бас компаниясы - нидерландтық Yandex N.V болып табылады. Компанияның акциялары NASDAQ биржасында саудаланады.

Компания өкілдерінің айтуынша, заңның қабылдануы Ресейдегі интернет-кәсіпкерліктің тамырына балта шабуы мүмкін.

2018 жылдың қазан айында депутаттар шетелдік капиталдың үлесін шектеуге тырысқан болатын. Бірақ ол кезде заң күшіне енбеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу