Яндекс компаниясы мен KupiVIP жүйесін отандастарымыз ойлап тапқан

Римма Ивахникова Римма Ивахникова
5007

Алматыда өткен VI Инновациялық форумға  қатысушылар инновация дегеніміз не және оны Қазақстанда қалай қолдану керектігі жайында сөз қозғады.

Яндекс компаниясы мен KupiVIP жүйесін отандастарымыз ойлап тапқан

Инновация дегеніміз "мүлдем" басқаша бір нәрсені ойлап табу деген сөз. Әрине пицца жеткізетін квадрокомптерлер және Тель-Авивтен келген футуролог Рой Цзезан айтқан жүргізушісіз жүретін такси жайында армандауға болады. Ал бірақ қазақстандық инновация  –  бұл шындыққа жақын нәрселер. Бұл туралы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин кейде "лайфхак" немесе өмір айласы жаңа технологиядан гөрі маңыздырақ екенін айтты.  

"Мысал келтіретін болсақ, Бостон қаласында өрт гидранттарына қатысты проблема болған. Қыс кезінде олардың бәрі қар астында қалып, басшылар не істерін білмеген. Сол кезде жас бағдарламашы "Өрт гидрантын қамқорлығыңа алып, өз атыңмен ата" деген жобаны ұсынды. Содан бастап қала тұрғындары гидранттарға өз аттарын беріп, оны қардан тазарта бастаған. Осындай қарапайым идея проблеманы шешті. Бізде де люктерге қатысты проблема бар. Бізде осындай ұсыныс жасап, люктерді қарап, оның жағдайы жайлы айтып отыруымыз керек", – деді ол форум барысында.

Abctv.kz шенеуніктердің атын алған люктерге ешкімнің тиіспейтініне жүз пайыз сенімді. Бірақ коммуналдық қызметкерлердің жұмысын бұдан да тиімді ететін басқа ұсыныстар бар. Мысалы, люктерге шойын қақпақтарды ұрламақ болған кезде іске қосылатын арнайы датчик қою керек. Кейбір компаниялар су мен жылу санағышының көрсетуін қашықтықтан алып тұратын жүйені ұсынып отыр.

"Қазір тексерушілер мен мәліметтерді қашықтықтан  алу үшін аппараттар сатып алуға кететін шығын бір арнаға тоғысуда. Уақыт өте келе адамдар қымбат, ал темір арзан тұратын болады", – деп есептейді "Акваметр" ЖШС директоры Олег Щербаков.

OrionM2M компаниясының коммерциялық директоры Андрей Зырянов та мұнымен келісіп отыр. Бірақ өкінішке қарай, мұндай технологиялар белгілі бір салада ғана маңызға ие, өйткені бизнесмендер софты іске қосып қана қоймай, өз ақшаларын қайтарып алғысы келеді. Мұны шығындары қала тұрғындары арасында бөлінетін ТКШ саласына инновациялық жабдықтарды енгізу арқылы жасаған жеңіл болады.

Сондай-ақ бұл басқа да инновацияларға қатысты болады. Оларды енгізу экономикалық жағынан тиімді болғанда, жаңалық жаппай қолданыла бастайды. Даяшының жылдық жалақысы салқын сусынды тарататын роботтың (мұндай машинаны Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері ұсынды) құнымен  шамалас болған кезде ғана ол коммерциялық тұрғыдан қажет болмай қалады.

Еліміз электронды коммерция саласында табысқа жете алады. Қазақстандық интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті (ҚИБҚ) Константин Горожанкиннің айтуынша, біз енді ғана онлайн-сауданы жақсы дамыта бастадық. Дәл қазіргі уақытта елімізде шамамен  10 млн интернет қолданушы бар, соларға арналған сервисті іске қосып, ақша табуға болады. Сонымен бірге интернет  қолданушылар еліміздің әр жерінде орналасқанын ескеру керек. Константин Горожанкин "кибер-жумыны" (жыл сайынғы қазақстандық интернет-дүкендердің сатылымы) өткізу кезіндегі мәліметтерді келтірді

Интернет дүкен қызметін ең көп  қолданатындар қатарында Алматы қаласының тұрғындары (55%), содан кейін Астана тұрғындары (17%), ал үшінші орында қарағандылықтар (11%) тұр. Қалғандары еліміздің әр жерінен бірен-саран ғана. Осыған қарап, интернет-дүкендерден сауда жасайтын тек үш өңір ғана бар екенін көруге болады. ҚИБҚ басшысының айтуынша, 2015 жылы нарық 800 млн доллар деп бағаланған болатын, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша ол 1 млрд доллар деп бағаланып отыр.

"2013 жылы елдегі орташа жалақы 700 доллардан асатын, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш төмен болды. Бұл еліміз үшін жаман болғанмен де, жаһандық бәсекелестік тұрғысынан жақсы. Жұмыс күшін үнемдеуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді ол.

Константин Горожанкиннің айтуынша, Алматы тұрғындар саны бойынша ТМД қалалары ішінде жетінші орында және жобаның бастау алуы тұрғысынан қарайтын болсақ  қала өте жақсы жерде орналасқан. Алматыдан кейін Қарағанды мен Ақтөбе тұр. Бұл қалалардағы адам саны бизнес жасау үшін өте тиімді.

Интернеттен не сатып алады? Бұл жерде де ірі және шағын қалалар арасында үлкен айырмашылық бар. Өңірлер интернет-дүкендер арқылы көбінесе косметика мен киім сатып алады. Өңірлерде ірі супермаркеттер жоқ, сондықтан адамдар интернет-дүкен арқылы тапсырыс жасайды.

"Бізде кезекті стартапты іске қосқысы келіп отырған Ресейдегі әріптестеріммен сөйлестім. Істі дәл осы өңірлерден бастау керек. Қазір оларда бұл қызмет түрі жоқ болғандықтан, адамдарды тез тартуға болады", – деп түсіндірді ол.

"Негізгі бұл сан жасырын нәрсе. Біз оны Қазақстандағы карточка иелерінің 15%-ын қамтитын екі ірі банктен алдық. Осы мәліметке сараптама жасау арқылы қазақстандықтардың сауданы карточка арқылы жасайтынын түсіндік. 2012 жылы біздің адамдар  сауданы шетелден жасаған. 2014 жылы интернет-дүкендердің клиентін екі есе өсірдік. 2016 жылы тауарлардың 48%-ы карточка арқылы жергілікті дүкендерден сатып алған. Яғни біздің интернет-дүкендер клиенттердің басым бөлігін алып кетіп отыр", – деді Константин Горожанкин.

Қауымдастық басшысы әлемнің ірі елдерінде қандай жағдайда интернет-жобалардың пайда болғаны жайында ізденіп оқығанын айтты. Ол 20 көрсеткіш негізінде сараптама жасаған, сараптама жасау барысында тіпті дініне, ұлтына да мән берген. Интернет дамыған 20 жыл ішінде бұл көрсеткіштің қалай өзгергенін де түсінуге тырысқан. Ақыр соңында халықтың 20%-ы бүкіләлемдік интернет торына тартылған кезде елде электронды коммерция дами бастайды деген қорытындыға келген. Егер бұл көрсеткіш 20%-дан төмен болса, онда интернет-дүкендердің жұмысы жүрмейді. АҚШ мұндай көрсеткішке 1996 жылы жеткен, Ресей 2006 жылы, Қазақстан 2011 жылы жетіп отыр. Алайда интернет сауда жасау бойынша біздің елден де кеш дамып жатқан елдер бар, мысалы, Филипин, Индонезия, Үндістан, Бангладеш.

"Қазір бізде көрші елдердің нарығына шығатын мүмкіндік бар. Кейбір елдерден қалып қойсақ та, әлі де нарығы бос жатқан елдер бар, бізге соларды пайдаланып қалу керек", – деді қауымдастық басшысы.

Енді тек Бағдат Мусин айтқандай, трендтердің керек ағынын ұстап қалу керек. Әуесқой "лайфхакшы" егер өзі жақсы басшы ретінде жақсы идеяның ұтымды жерін көрмеген болса, онда ол іске аспай қалатын еді дейді.

"Біз бұл проблеманы шештік. Кезінде почта бөлімшелерінде керек сәлемдемені табу мүмкін болмайтын, – дейді ол. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, дүкенге келдіңіз, дүкен сөресінің ар жағында сатушы тұр. Ол бір адамның тауарын беріп жатқанда екінші, үшінші, төртінші адам келіп кезекке тұрады. Біздің айтып тұрғанымыз мүлдем басқа супермаркет. Осылайша сәлемдеме супермаркетін құру идеясы туды. Адам өзі келіп керек сәлемдемені тауып алып, шығып бара жатқанда ақшасын төлейді.  Барлық почта, басқарма және менеджерлер бұл идеяны іске асыруға қарсы болды. Жеке мәліметтер туралы заң, қауіпсіздік бұзылады деп қорықты. Бірақ мен бұл идеяны іске асыру керек деп шештім. Бұған дейін Павл Дуровтың мақаласын оқыған едім, сонда егер бүкілі сенің идеяң дұрыс емес деп есептейтін болса, онда оны іске асыру керек делінген еді. Яғни бұл сен ерекше бір нәрсе ойлап таптың деген сөз. Ал супермаркет идеясы жағдайды тығырықтан шығаруға көмектесті. Сондықтан бірінші басшы көптеген ақпараттың ішінен тіиімді болатын идеяны таба білуі тиіс".

Ерекше бірдеңе ойлап табу дегеніміз – бұл люкке атыңды жазу емес. Яндекс деген компанияны қазақстандық Аркадий Волж және Илья Селагович ойлап тапқанын екінің бірі біле бермейді. Олар Қазақстандағы мектепте оқып, кейін Мәскеуге барып бизнес бастаған. Оскар Хартман деген жамбылдық қарапайым жігіт KupiVIP жүйесін қалыптастырған. Ол қазіргі Тараз қаласынан Германияға кетіп, содан соң Ресейге қайтып келіп, ірі интернет-дүкенін құрған. Форумға қатысушы сарапшылар Қазақстанның инновация саласында жаңалық жасауда ойып тұрып орын алатын жағдайы бар деген қорытындыға келді.

Гүлназ Ермағанбетова, Римма Ивахникова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу