Ясмин Дюсембаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

337

Бұрын-соңды жас қазақстандық теннисшілер Азия чемпионатында мұндай жетістікке қол жеткізген емес. 

Ясмин Дюсембаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Филиппинде 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл беделді додада Қазақстан намысын Асқар Амир, Ясмин Дюсембаева және София Малышева қорғады. Біздің жас спортшылар 2025 жылғы табысты өнерінің арқасында Азиа теннис федерациясынан (АТФ) арнайы шақырту алған болатын.

Турнир қорытындысы бойынша Ясмин Дюсембаева үшінші орын иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл жетістік оған дәстүрлі түрде Australian Open турнирінің екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына қатысуға мүмкіндік сыйлайды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер бұл доданың тарихында бірнеше рет жоғары нәтижелерге жетіп отыр. 2023 жылы Альбина Какенова финалға дейін барса, 2024 жылы Ева Корешева үздіктер қатарында болды. 2025 жылы ел намысын Родион Трайгель қорғады.

Осылайша, Ясмин Дюсембаеваның қола медалі қазақстандық жас теннисшілердің жаңа белесі әрі үлкен спорттағы жарқын жеңістерінің бастамасы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу