Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы Азия чемпионатында күміс еншіледі

224

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге ие болды.

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы Азия чемпионатында күміс еншіледі Фото: olympic.kz

Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді. Ол спорттық жүрісте 2-орын алды.

Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі – 1:37:17.

Қытайлық Чжан Тин жарыс жеңімпазы атанды – 1:36:18. Ал қола медальді тағы бір Қытай спортшысы Лю Хайянь иеленді – 1:38:45.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу