Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

268

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты биыл Кореяда өтіп жатыр. 

Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін, 27 мамыр Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты ресми түрде басталды. Турнир 31 мамырға дейін жалғасады. Жарыстар Gumi Civic Stadium стадионында өтуде.

Бұл байрақты бәсекеге Азия құрлығының 43 елінен 2000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Чемпионат бағдарламасына жүгіру, секіру және эстафета сияқты 45 түрлі жарыс түрі енген.

Азия чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді.

Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.

400 метрге жүгіру жарысында алматылық Виктория Ан мәреге төртінші болып келді. Павлодар облысының өкілі Александра Залюбовская да өз іріктеуінде төртінші орын алды. Алайда бұл нәтиже оған финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Ал әйелдер арасындағы 400 метрге жүгірудің финалында жүлде үшін таласатындар қатарында Үндістан, БАӘ, Вьетнам, Қытай, Жапония, Шри-Ланка және Өзбекстанның спортшылары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу