Ырыс алды – ынтымақ

573

Шанханай ауылдық округінің орталығындағы ауылдық Мәдениет үйінде "Nur Otan" партиясы аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Қуаныш Борманбеков және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Кәмшат Қыстаубаева  ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға ауыл тұрғындары көптеп жиылды.  

Ырыс алды – ынтымақ

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Кәмшат Болатқанқызы ортаға шығып, еліміздің алдағы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен бірге орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатынын, ауданда 39 медициналық мекеменің бейімделген үй-жайларда орналасқанын, сегізі күрделі жөндеуді қажет ететінін, осы мақсаттар үшін "Nur Otan" партиясы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейтуге, онлайн медицинаны дамытуға, медициналық тәжірибеге диагностика мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізуге, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуге, 17 медицина қызметкерін, оның ішінде 12 бейінді мамандандырылған дәрігерді көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен тартуға, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау үшін облыстық ауруханада скринингтік зерттеулермен тұрғындарды қамтуды арттыруға, КВИ ауруын азайту және барлық науқастарды сапалы және қол жетімді медициналық көмекпен қамтуға, стационарлық және амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етуге атсалысатынын, Сарыөзек ауылында 250 келушіге арналған емхананың құрылысы 2023-2024 жылы жүргізілетінін, 7 денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу, оның ішінде: 2022 жылы - Сарыөзек ауылындағы орталық аудандық аурухананың стационарлық бөлімі,  2024 жылы Бостан ауылындағы медициналық пункт, 2025 жылы Қоғалы және Басши ауылдарындағы ауылдық ауруханалар, Шаған, Қарағаш, Алтынемел ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар, 2025 жылға дейін 25 медициналық қызметкер біліктілігін арттыратынын жеткізді.

Сондай-ақ, "Білім сапасын жақсартамыз" бағыты бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданда одан әрі дамытудың маңызды шарты екенін, КОВИД-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгерткенін, 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес шеңберінде мектептердің 8,5 мың оқушы қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшкенін, сондықтан білім беруде білім сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға баса назар аударылатынын, ол үшін "Nur Otan" партиясы заманауи қашықтағы технологияларды енгізуге, жаңа талаптарды ескере отырып оқытушыларды даярлауға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтуға, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамының үлесін 56 пайызға дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тартуға, 5 білім беру объектісінің құрылысы, оның ішінде: 2021-2022 жылдары Тастыөзек ауылындағы 120 орындық орта мектеп, 2021 жылы Көксай ауылындағы 80 орындық орта мектеп, 2024 жылы Қазынсу ауылындағы 20 орындық орта мектеп, 2025 жылы Ақбастау және Қарымсақ ауылдарындағы 80 орындық орта мектептер, спорт залдарын және акт залдарын 4 білім беру объектісіне кеңейту, оның ішінде: Майтөбе және Шилісу ауылдарында 2023 жылы, Көксай және Көктал ауылдарында 2024 жылы, 2025 жылға қарай Алтынемел, Ақбастау, Қарлығаш, Күреңбел, Архарлы, Сарыөзек ауылдарындағы 6 мектепті күрделі жөндеуден өткізу 2025, аудан мектептерінің 75 пайызына дейін химия, биология, жаңа буын физикасы және ақпараттық технологиялар кабинеттерімен жабдықтау, жыл сайын 90 компьютер сатып алу, нәтижесінде жүктеме бір компьютерге 6-дан 3 оқушыға дейін төмендейтінін, нәтижесінде ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 26 пайыздан 37 пайызға дейін артатынын айтып, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиын соңында аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Қуаныш Жарманбекұлы "Nur Otan" партиясы еліне елеулі, халықтың қалаулы партиясы екенін, пандемия кезінде жағдайы төмен отбасыларға қолұшын созғанын, алдағы уақытта да жағдайдың жақсаруына атсалысатынын айта келіп, "Ырыс алды - ынтымақ" екенін тілге тиек етіп, сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу