"Ырыс" бағдарламасының кредит беру талаптары өзгерді

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
5398

Өзгерістер кредит сомасына, мерзіміне және кепілдікке қатысты болып отыр.

"Ырыс" бағдарламасының кредит беру талаптары өзгерді Фото: altaynews.kz

Ақпан айында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры "Ырыс" бағдарламасының кредит беру талаптарына өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Өзгерістер кредит сомасына, мерзіміне және кепілдікке қатысты болып отыр.

"Әлеуетті кәсіпкерлерге берілетін кредит сомасы 85 млн теңгеден 155 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ кредит мерзімі 12 жылға дейін ұзартылды. Бұған дейін қарыз 10 жылға берілетін. Ірі қара малды, техниканы және құрылғыларды сатып алуға берілетін кредиттің жылдық сыйақы мөлшері субсидияны қоса есептегенде 6 пайызды құрайды. Тиісінше, тиімді мөлшерлеме 6,4 пайызға тең", – дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ кредиттеу департаментінің директоры Геррард Бааль.

Сонымен қатар, "Ырыс" бағдарламасының кепілдікке қатысты құрылымы да өзгерді. Бұған дейін кепілдікке жылжымайтын немесе жылжымалы мүліктер ғана қойылатын. Ал енді кепілдікке болашақта қолға тиетін мүлікті де қоюға болады. Яғни, кепілдіктің 25 пайызына дейінгі бөлігі қолда бар жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік болуы мүмкін. Ал қалған бөлігін алдағы уақытта кредитке сатып алынатын төрт түлік мал, техника, құрылғылар құрамақ.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу