Ыстанбұлда 26 жастағы қазақ қызы биіктен құлап, қаза тапты

162

Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Ыстанбұлда 26 жастағы қазақ қызы биіктен құлап, қаза тапты Фото: DHA.TR

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпарат жергілікті БАҚ-та пайда болды. Қайғылы оқиға 25 қазанда Шишли ауданына қарасты Эргенекон мөлтек ауданында болған. 26 жастағы Қазақстан азаматы Айсұлу Бекмаханова өзі тұрған үйдің 6-қабатындағы балконнан іргелес ғимараттың шатырына өтпек болған.

Болжам бойынша ол төбе жабынын басып кетіп, көз жұмған. Басылымның жазуынша, Қазақстан азаматы Түркияға қыркүйек айында туристік визамен келген.

Шақыру бойынша оқиға орнына полиция мен медицина қызметкерлері жіберілді. Жедел жәрдем тобы Айсұлу Бекмаханованың қайтыс болғанын анықтады.

Редакция тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Сыртқы істер министрлігіне хабарласты.

"ҚР Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда Қазақстан азаматшасының қайтыс болғаны туралы хабардар. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу