Юань 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті

3029

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда тартысы юань бағамының төмендеуіне әкеліп соқты. 

Юань 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 
Ресми дерекке сүйенсек, қытайлық валюта 0,15 %-ға құлдырап, АҚШ долларына қатысты бағамы 7,0740 доллар болды. 

Валютаның әлсіреуіне Ақ үй басшысы Дональд Трамптың өзін Бейжіңмен сауда соғысын жүргізуге "таңдалып алынғанмын" деп мәлімдеуі және текетіресте басым түсіп жатырмын деп айтуы түрткі болған. Қытайдағы Global Times мемлекеттік басылымының бас редакторы Ху Сицзинь Твиттердегі парақшасында: "Қытай үкіметі Вашингтонмен бірде-бір сауда келісімін жасамас үшін шаралар қабылдап жатыр",-деп жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда юань сауда шиелінісінің ушығуынан 11 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін құлдыраған болатын. 

"Юаньның арзандауы бақылауға алыну керек. Дегенмен қазір валютаны әлсірету үшін қысым жасалуы мүмкін",-деді Bloomberg Intelligence стратегі Стивен Чу.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу