Юлия Путинцева WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

220

9-17 қаңтар аралығында Аустралияда Adelaide International ірі халықаралық теннис турнирі өтуде.  

Юлия Путинцева WTA 500 турнирін жеңіспен бастады Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің бірінші айналымында әлемдік рейтингте 93-орында тұрған Далма Галфиге қарсы ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда ол әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.

Матч 14 қаңтар күні, 1-кортта, Қазақстан уақытымен 10:40-та басталады.

Айта кетейік, Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу сынынан сәтті өтіп, жолдама алған болатын.

Аделаидада өтіп жатқан жарыс 17 қаңтарға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларынан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу