Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің алғашқы кездесуін сәтсіз аяқтады

754

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің алғашқы кездесуін сәтсіз аяқтады Фото: novyefoto.ru

Юлия Путинцева испандық спортшы Ребека Машаровамен кездесіп, үш сетте 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңілді. Матч жартылай финалдың іріктеу кезеңінде өтіп, 2 сағат 11 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық спортшы үш рет қос қателік жасады.

Іріктеу финалында испандық спортшы британдық теннисші Хизер Уотсонға қарсы ойнайтынын еске сала кетейік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу