Әлемнің 34-ші ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында әлемнің 77-ракеткасы Харрье Дартты ұтты. Кездесу 4:6, 6:0, 6:1 есебімен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Келесі айналымда Путинцева америкалық Кори Гауффқа қарсы ойнайды.
Цинциннатидегі турнир 13-19 тамыз аралығында өтуде.
Жарыстың жүлде қоры 3 211 715 долларды құрайды. Өткен жылы финалда чех теннисшісі Каролина Мухованы 6:3, 6:4 есебімен ұтқан америкалық Кори Гауфф жеңімпаз атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу