Юлия Путинцева АҚШ-тағы теннис турнирінде Елена Рыбакинадан басым түсті

1063

Елена Рыбакина жекелей сында жарысты аяқтағанымен, жұптық сайыста өнер көрсетуін жалғастырады. 

Юлия Путинцева АҚШ-тағы теннис турнирінде Елена Рыбакинадан басым түсті

Индиан-Уеллс (АҚШ) теннис турнирінің екінші кезеңінде әлемнің 43-ші ракеткасы Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 16-орында тұрған отандасы Елена Рыбакинаны 6: 2, 7: 6 (7: 5) есебімен жеңді.

Бір жыл бұрын Рыбакина Римдегі кездесуде көш бастап тұрып, бірақ соңында Путинцеваға жол берген еді. Теннис жанкүйерлері Индиан-Уэллсте  де осыған ұқсас сценарий күтті. 

Бұл жолы жеңімпазды анықтау үшін қазақстандық теннисшілерге үш сет қажет болды. Кездесу өте тартысты өтті. 1 сағат 59 минутқа созылған сайыста Юлия допты ойынға қосу барысында үш дубль жасап, төрт брейкті сәтті орындады. Елена үш рет допты ойынға қосу барысында қателесіп, екі брейк-пойнт жасады. Қарсыластардың жеке кездесулерінің есебі Юлияның пайдасына 2: 0 болып аяқталды.

Үшінші айналымда Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды. Теннисшілер 2016 жылдан бері үш рет кездесті. Екі рет Путинцева үздік нәтиже көрсетсе, бір рет қарсыласы жеңісті атап өтті. Соңғы кездесуде 2019 жылдың тамызында америкалық Цинциннатидегі турнирдің алғашқы кезеңінде үш сетте 6 : 2, 6: 7, 6: 3 есебімен қазақстандық теннисші латвиялықтан басым түскен. Ал Остапенко 2017 жылдың қаңтарында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында жеңіс тойын тойлады - 6: 3, 6: 1.

Путинцева мен латвиялық теннисші Елена Остапенко арасында өтетін 1/16 финалдық кездесу 11 қазанға жоспарланған.

Ал Рыбакина енді осы турнирде жұптық сайыстардың екінші кезеңіне дайындалуда. Алғашқы айналымда Елена ресейлік Вероника Кудерметовамен дуэтте аустралиялық Анастасия мен Арина Родионоваларды 6: 3, 3: 6, 10: 6 есебімен жеңді. Қазақстандық-ресейлік жұп Алекс Гуарачи (Чили)/Дезире Кравчик (АҚШ) және Хитер Уотсон (Ұлыбритания)/Сайсай Чжэн (Қытай) арасында өтетін кездесудің жеңімпаздарымен сынға түседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу