Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жібек Құламбаева 320-дан 318-ге, Зарина Дияс 353-тен 336-ға көтерілді.
Үздік үштікте ештеңе өзгере қойған жоқ: Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, польшалық теннисші Ига Швентек екінші, америкалық спортшы Кори Гауфф үшінші сатыда тұр.
Жұптық сында Анна Данилина – 19, Юлия Путинцева – 107, Жібек Құламбаева 160-орнын сақтап қалды.
Путинцева бүгін Доха (Қатар) WTA 1 000 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 63-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу