Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 7-ден 5-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева 23-тен 20-сатыға орналасты. Бұл оның кезекті жеке рекорды.
Сондай-ақ, Жібек Құламбаева 319-дан 322-ге, Зарина Дияс 366-дан 361-ге, Сандуғаш Кенжебаева 894-тен 889-ға, Анна Данилина 891-ден 886-ға, Аружан Сағындықова 970-тен бірден 926-ға (+44) ауысты. Соня Жиенбаева 633-те қалды.
Үздік үштікте өзгеріс жоқ, беларуссиялық Арина Соболенко көш бастаса, Польша өкілі Ига Швентек екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші сатыда.
Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық Мэдисон Киз 14-тен 7-орынға шықты. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 22-ден 20-ға жайғасты.