Юлия Путинцева алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

173

Australian Open-2026 турнирі 31 қаңтарға дейін жалғасады. 

Юлия Путинцева алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымында сәтті өнер көрсетті. 1/16 финал кезеңінде Путинцева Түркия теннисшісі Зейнеп Сенмезбен кездесті. Тартысты өткен матчта қазақстандық спортшы үш сетте жеңіске жетті – 6:3, 6:7 (3:7), 6:3. Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды.

Осылайша, Юлия Путинцева мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бұған дейін оның ең үздік нәтижесі үшінші айналым болған.

Ширек финалға шығу үшін Путинцева америкалық Ива Йович пен италиялық Жасмин Паолини арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 2 793 365 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу