Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде жеңімпаз атанды

385

Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде жеңімпаз атанды Фото: overbetting.ru

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады – 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.

Дегенмен Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Бір сағат 27 минутқа созылған матчта Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Томлянович 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Осылайша, Юлия Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

Ю.Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу