Путинцева бірінші партияны 6:2 есебімен аяқтады. Екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:1.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Юлия 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін өз пайдасына жазды. Шуай 1 брейкпен көзге түсті.
Юлия Путинцева төртінші айналымға өту үшін әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 20-орынға табан тіреді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        