Юлия Путинцева бразилиялық теннисшіге есе жіберді

640

Қазақстанның екінші ракеткасының кездесуі жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды.

Юлия Путинцева бразилиялық теннисшіге есе жіберді

Уимблдонның бірінші айналымында қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майадан 6:3, 0:6, 4:6 есебімен ұтылды. Бірінші айналымның кездесуі бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад Майаға қарсы 4 шілдеде өтуі керек еді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды. Бүгін қарсыластары кортқа шықты. Алғашқы айналымда 4:1 есебімен Путинцева алға шыққанда, кездесу  жаңбырға байланысты тоқтатылды. Екінші рет ойын 5:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілгенде тағы да үзілді. Айта кетейік, Путинцева бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет 0:6 есебімен аяқталды. Үшінші кезеңде Юлия 1:4 есебімен жеңіліп жатқанда ойынға қайта оралып, есепті теңестірді. Бірақ шешуші сәтте Юлияның жолы болмады.

Уимблдон 2023 ұйымдастырушылары бүгін түнгі бірқатар матчтарды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, осылайша Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бубликтің америкалық Джеффри Вулфпен Астана уақытымен 23:10-ға жоспарланған кездесуі 5 шілдеде емес, ертең бейсенбі сағат 16:00-де басталады.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның "Уимблдон – 2023" әйелдер арасындағы жекелей сында екінші айналымдағы қарсыласы белгілі болды. Жарыстың келесі айналымында Елена жапониялық Нао Хибинодан  айласын асырған француз Ализе Корнемен ойнайды - 6:2, 6:2. Олардың кездесуі бір сағат бес минутқа созылды. Естеріңізге сала кетейк, турнирдің қазіргі жеңімпазы Рыбакина бірінші айналымда америкалық Шелби Роджерсті жеңген болатын - 4:6, 6:1, 6:2.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу