Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге шешуші бәсекеде жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-канадалық жұп матчты сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте америкалық-жаңазеландиялық дуэт есе қайырды – 6:1. Содан кейін олар супер тай-брейкте басым түсті – 10:4.
Бір жарым сағатқа созылған кездесу барысында Путинцева – Фернандес 10 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Мухаммад – Рутлифф 2 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Юлия Путинцева спорттық жолында алғаш рет WTA 1 000 додасының финалына дейін жетті.