Юлия Путинцева Дубайда сенсация жасады

219

Юлия Путинцева мен Линда Носкова Dubai Duty Free Tennis Championships турниріне қатысып, жекелей және жұптық сында да өнер көрсетуде.

Юлия Путинцева Дубайда сенсация жасады Фото: WTA

Жекелей жарыстың бірінші айналымында Носкова Путинцевадан 6:2, 7:6 (7:5) есебімен басым түсіп, матчты екі сетте аяқтады.

Соған қарамастан, Путинцева мен Носкова бас қосып, жұптық сайыста бірге сынға түсуде. Бірінші айналымда олар Қытай жұбы Ван Синьюй мен Чжэн Сайсайды жеңді. Ал екінші айналымда, 19 ақпанда, қазақстандық-чехиялық жұп осы жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Габриэлла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлифф (Аустралия) дуэтімен кездесті.

Бұл матчта бірінші нөмірлі жұп алғашқы сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші сетте Путинцева мен Носкова есеп 1:1 болғанда үш гейм қатарынан алып, 6:3 есебімен сетте басым түсті. Шешуші супер тай-брейкте олар 4:0 есебімен алға шығып, 10:2 нәтижесімен матчты жеңіспен аяқтады. Осылайша ширек финалға жолдама алды.

Бүгін, 20 ақпанда өтетін ширек финалда Путинцева мен Носкова Қытай теннисшілері Сюй Ифань мен Ян Чжаосюаньмен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу