Олимпиадаға қатыспаған Юлия Путинцева ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді

723

Юлияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде тарап, теннис жанкүйерлерінің ашуын туғызды. 

Олимпиадаға қатыспаған Юлия Путинцева ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді Фото: коллаж: inbusiness.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева корттағы ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді. Ол US Open жарысында көмекші қыздың берген добын қабыл алмай қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Юлияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде тарап, теннис жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Оның әрекетін қатаң сынап, кешірім сұрауын талап еткендер де бар. Кейіннен Путинцева Instagram парақшасында осы бір әрекеті үшін кешірім сұрады, деп жазады msports.kz.

"Шынымды айтсам, ол қызға ашуланған жоқпын. Мен брейк-пойнт пен геймде жеңіліп қалғаным үшін өзіме қатты ашуландым. Ашудан мен жан-жағымда не болып жатқанын аңғармай да қалдым. Балалардың бәрі өз жұмысын тамаша атқарды", - деп жазды теннисші. 

Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Юлия Путинцева Ясмин Паолиниден екі сетте де жеңіліп, жарысты аяқтаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу