banner

Юлия Путинцева финалға жолдама алды

1006

Бұл Юлия үшін спорттық мансабындағы WTA турнирлеріндегі төртінші финал.

Юлия Путинцева финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жүлде қоры 235000 АҚШ долларын құрайтын Будапеште өтіп жатқан WTA 250 сериялы турнирінде жекелей сында финалға шықты.

Әлемнің 42-ракеткасы Путинцева жарыстың жартылай финалында әлемдік рейтингте 176-орында тұрған венгриялық теннисші Далма Галфиді 6: 2, 3: 6, 6: 2 есебімен жеңді.

2 сағат 25 минутқа созылған матчта Юлия бір эйс және алты брейк жасап, допты ойынға қосу кезінде жеті рет қателік жіберді. Ал Далма брейк-пойнтты сәтті орындап, екі рет қателік жіберді. Қарсыластар бұған дейін кездескен емес. Венгрия астанасындағы турнирдің финалында Путинцева  украиналық Ангелина Калининамен және америкалық Даниэль Коллинзбен арасында өтетін кездесудің жеңімпазына қарсы кортқа шығады.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс Лозаннадағы (Швейцария) WTA турнирінің жартылай финалына өте алмады. Жарыстың ширек финалында оны француз Каролин Гарсия тоқтатты. Қорытынды есеп - 5: 7, 2: 6. Кездесу бір сағат қырық минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Зарина төрт эйс шығарып, бес рет қателесті. Келесі кезеңде Каролин Гарсия өзінің жерлесі Клара Бурельмен ойнайды.

Айта кетейік, Юлия Путинцева мен Зарина Дияс жекелей сында төртжылдықтың басты додасына қатысады. Токио олимпиадасы 24-шілде мен 8-тамыз аралығында Жапония астанасында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу