Юлия Путинцева Қытайдағы жарыстың ширек финалына шықты

283

Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Юлия Путинцева Қытайдағы жарыстың ширек финалына шықты Фото: ktf.kz

Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 121-орында тұрған 19 жастағы германиялық Элла Зайдельді шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Зайдель есепті қысқартқанымен, Путинцева дегеніне жетті – 6:4.

Екінші сетте де осындай есеп тіркелді – 6:4.

Бір жарым сағаттан аса уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Зайдель 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина немесе рейтингіде 42-орындағы чехиялық Катержина Синякованың қай жеңгенімен таласады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 26-сатыға көтеріліп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу