Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 Miami open турнирін сәтті бастады.
Алғашқы айналымда ол индонезиялық Джанис Тиенді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Екінші айналымда Путинцева отандасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Рыбакина жоғары рейтингтің арқасында турнирді бірден екінші айналымнан бастайды.
1/32 финалдық матч 21 наурыз күні сағат 5:30-да (Қазақстан уақытымен) басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу