Юлия Путинцева Монреальдегі турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды

227

Ол қытайлық Ханью Гуоға 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді. 

Юлия Путинцева Монреальдегі турнирдің  алғашқы айналымында жеңіліп қалды Фото: WTA

Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева жарысты алғашқы айналымда аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Бұған дейін бұл екі спортшы кортта жолықпаған еді. Путинцева қарсыласына лайықты қарсылық көрсетуге тырысқанымен, Гуо матчты толық бақылауда ұстап, келесі кезеңге өтті.

Екінші айналымда қытайлық теннисшінің қарсыласы поляк спортшысы Ига Швёнтек болады.

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтетін Канада турнирінен бас тартқан болатын. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысқа қатысу үшін тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу