Юрий Михайлис: "Барлығы жақсы нәтиже көрсетуге дайын"

1307

21-мамыр мен 6-маусым аралығында Қазақстан құрамасы жоғарғы дивизиондағы Әлем чемпионатына қатысады. Команда В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия және Италия құрамаларымен бақ сынасатын болады.

Юрий Михайлис: "Барлығы жақсы нәтиже көрсетуге дайын"

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Әлем чемпионаты 22 мамырда Латвия құрамасына қарсы матчпен басталады. Әр топтан үздік төрт команда турнирдің ширек финалына өтеді. Осыған байланысты Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис алда өтетін Әлем чемпионатына команданың дайындығы туралы айтып берді .

- 15 сәуірде жігіттер айдынға шықты. Біз 28-сәуірде ресми түрде жаттығуды бастадық, ұлттық құрамада жиын өткіздік. Жігіттермен сөйлестік. Барлығы да жігерлі. Біз командаға көмектесіп қана қоймай, жақсы нәтиже көрсетуге, ел үшін күресуге дайынбыз. 10-мамыр күні Латвияда дайындықтың соңғы кезеңі басталады. Оған дейін біз Нұр-Сұлтанда дайындаламыз.

- Чемпионатқа қатысатын ойыншылар құрамы қашан белгілі болады?

- Біздің 8-мамырға жоспарланған екі жақты матчымыз бар. Осыдан кейін чемпионатқа нақты қай ойыншылардың баратыны туралы шешім қабылдаймыз. Біз ұлттық құрамаға Қазақстан чемпионатында ойнайтын клубтардың ойыншыларын тартамыз. Олардың міндеті – жақын арада ұлттық құрамада болуға дайын екендіктерін көрсету. Барлығына мүмкіндік бердік.

- Неліктен Найджел Доус ұлттық құрамаға келген жоқ?

- Біз оны соңына дейін күттік. Найджел маусымды жақсы өткізді. Ол отбасылық жағдайларына байланысты келе алмады және ұлттық құрамадан бас тартқан жоқ.

- Ұлттық құраманың турнирдегі мақсаты қандай?

- Әр ойында жеңіске жету үшін ойнау. Жігіттер ел намысы үшін күресуге дайын.

- Неліктен ұлттық құрамада жолдастық кездесулер аз болды?

-  Біз Ресей, Латвия құрамаларымен кездесу өткіземіз деп жоспарладық. Бірақ коронавирусқа байланысты оларды ұйымдастыра алмадық. Федерацияның арқасында тек Беларуссия командасымен ойындар ұйымдастырылды.

- Джесси Блэкер Латвияда командаға келіп қосыла ма?

- Иә.

- Сіз қақпашылар туралы қалай ойлайсыз, бірінші қақпашы Карлссон, екіншісі Шутов бола ма?

- Көре жатармыз. Бояркин мен Шутовқа Беларуссияға қарсы өтетін кездесуде мүмкіндік береміз. Олардың біреуі Әлем чемпионатында ойнайды.

- Рымарев - Шин – Старченко үштігінігің айдынға қайта оралғанын көре аламыз ба?

- Иә.

- Ойын кестесі тығыз. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Біздің медициналық қызметкерлер жақсы жұмыс істейді. Физикалық дайындықтан да бапкеріміз бар. Сондықтан дайын боламыз деп ойлаймын.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу