Юрий Михайлис: "Командамыз қорғаныста сенімді ойнай бастады"

1088

Бұл ойында "Барыс" хоккей клубының түлегі, 18 жасар Дінмұхамед Қайыржан ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқты.

Юрий Михайлис: "Командамыз қорғаныста сенімді ойнай бастады"

Сырт алаңдағы төртінші ойында "Барыс" "Адмиралдан" басым түсті. Кездесудің басында қонақтар қатарынан үш пенальти орындағанымен бұл жағдай "Барысқа" тиімдірек болды. Егор Петуховтың шығарған пасынан кейін Дмитрий Гурков есеп ашты. Ал екінші кезеңде "Барыс" тағы екі гол соқты. Бұл жолы Якоб Берглунд пен Даррен Диц көзге түсті.

Соңғы үшінші кезеңнің басында Джош Кестнер Йони Ортионың осал тұсын тапты. Дегенмен қазақстандық хоккейшілер ойынның нүктесін қойды. "Барыстың" 18 жасар хоккейшісі Дінмұхамед Қайыржан Құрлықтық Хоккей Лигасындағы алғашқы голын соқты. Қорытынды есеп 1:4. "Адмирал" – "Барыс" (1:4) ойынынан кейін команда бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

"Команда тәртіпті және қорғаныста сенімді ойнай бастады. Бүгін барлығы жанқиярлықпен ойнады. Барын салды. Жарайсыңдар! Барлықтарын жеңіспен құттықтаймын. Йони Ортио тамаша ойнады. Бүкіл команда лайықты өнер көрсетті", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Бүгінгі бізде тәртіп болмады. Кездесуді жақсы бастаған сияқты болдық. Бірақ, өкінішке орай, бізге қарсылас гол соғып кетті. Екінші кезеңде есе қайтару керек еді. Алайда хоккейшілеріміз алаңнан қуылып, екі гол жіберіп алдық", – деді "Адмирал" ХК бас бапкері Александр Андриевский.

30 қазанда "Барыс" командасы Хабаровскіде "Амурмен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу