Юрий Михайлис: "Жігіттер ерлік көрсетті"

1258

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Латвиямен өткен матчта жеңіске жеткеннен кейін баспасөз конференциясында оның шәкірттері нағыз команда екенін айтты және ойынға бес деген баға беретінін ерекше атап өтті.

Юрий Михайлис: "Жігіттер ерлік көрсетті"

- Жақсы ойын болды. Біз матчқа дайын болдық. Жігіттер ерлік жасады. Алғашқы минуттардан бастап белсенді ойнадық және қарсыластарымызға мүмкіндігінше көбірек шабуылдауға тырыстық. Менің ойымша, кейбір сәттерде қарсыластарымыз өз аймағынан шыға алмай қиналды. Бірінші кезеңде біз қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша қарсыластарымыздан басым болдық. Жігіттерге ризамын. Олар керемет ойнады. Біздің ойыншылар - Отан үшін, Қазақстан үшін күрескен нағыз ерлер.

- Мүмкіндіктердің барлығын ойыншылар сәтті пайдалана алмады. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Топ болып шыққан ойыншылар бәрін біледі. Бәлкім бізде ойын тәжірибесі аз болған шығар. Беларуссиямен бір ойын болмады. Жалпы, ойыншылар тәжірибелі. Олар не істеу керектігін және комбинацияларды жақсы біледі.

- Финляндиямен өтетін матчта қай қақпашының айдынға шығатыны туралы шешім қабылдадыңыз ба?

- Жоқ, Никита Бояркиннің жағдайына қараймыз. Содан кейін ғана шешім қабылдаймыз.

- Латвиядан қандай ойын күттіңіз? Команда бірінші кезеңде мықты позицияда ойнады. Сіздің жоспарыңыз жүзеге асты ма?

Латвия Канадаға қарсы көп күш жұмсады. Физикалық тұрғыдан біз басым болдық. Бұл әлем чемпионаты және кез-келген команда өте байыпты түрде құрылады. Иә, біз кездесу алдында Латвияның ойынын талдадық. Олар Канадаға қарсы өте жақсы ойнады. Менің ойымша, біз бүгін олардан басым болдық. Әр ойын сайын жақсара түссек екен деймін.

- Қазақстан құрамасының ойынына көңіліңіз толмаған сәттер болды ма?

- Жоқ, жігіттердің барлығы керемет. Олар тамаша ойнады. Голға әкеліп соққан кейбір сәттер болды. Енді қателіктерді талдап, алдағы уақытта оның алдын алуға тырысамыз.

- Қорғаушы Кирилл Полоховты коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті деген ақпарат болды. Оның жағдайы туралы айта кетсеңіз?

- Жақсы, ол өз номерінде. Командаға алаңдаушылық білдіруде. Бұл қазір оған кез-келген аурудан қиынырақ. Мүмкін ол команданы жерге қараттым деп ойлайтын шығар. Бірақ олай емес. Команда Кирилл үшін алаңдайды және онымен ылғи да байланыста. Тез сауығып кетуін тілейміз!

Естеріңізге сала кетсек, бүгін 23-мамырда Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші айналымында АҚШ командасын 2:1 есебімен жеңген Финляндиямен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу