Юсуф Мациев U23 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

189

Ел қоржыны екінші медальмен толықты. Бұған дейін Мерей Мәулетханов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.   

Юсуф Мациев U23 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 97 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Юсуф Мациев Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. 

1/8 белдесуінде Юсуф Жапон балуаны Кио Китауакиді 2:1 есебімен ұтты. 1/4 кездесуінде балуанымыз Армения балуаны Аршак Гегамянмен күресіп 4:0 есебімен ұтып жартылай финалға өткен болатын. Ал, 1/2 Ресей балуаны Максим Аверинді 9:1 есебімен айқын басымдылықпен жеңіп, Әлем біріншілігінің финалына жолдама алды. Финалда спортшымыз Украина өкілі Егор Якушенкоға есе жіберді. Есеп 6:1. 

Айта кетейік, украиналық балуан бұған дейін 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы және 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу