Зайнутдинов "Зенитке" ауысуы мүмкін

581

Стамбулдың "Бешикташы"  Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдиновты сатып алу туралы "Зениттің" ұсынысын қабылдауға дайын. 

Зайнутдинов "Зенитке" ауысуы мүмкін Фото: Vasile Mihai-Antonio/Getty Images

Бұл туралы Спорт Экпресс басылымы хабарлады. Дереккөз атап өткендей, "Зенит" түрік клубына 4,5 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл Зайнутдинов үшін "Бешикташ" ЦСКА-ға төлеген сома, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санкт-Петербург клубында Зайнутдинов командадан кеткен Данил Круговойдың сол қапталдағы позицияна қажет. 26 жастағы ойыншы РПЛ-да шетелдік ойыншы ретінде қарастырылмайды. "Бешикташпен" жасалған келісімге қарамастан "Зенит" пен Зайнутдиновтың арасындағы келіссөздер әлі де жалғасуда.

Бахтиёр "Бешикташқа" ЦСКА-дан 2023 жылдың жазында ауысты. Ол Стамбул клубы сапында 37 матч өткізіп, бір гол соққан. Оның келісім-шарты 2026/27 маусымының соңына дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу