"Бешікташта" ойнайтын отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов "Кайсериспор" командасына қарсы матчтың соңғы минуттарында доп тепті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ыстамбұлдық команда ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Бахтиер ойында дубль жасаған Чиро Иммобиленің орнына шықты.
Бұған дейін команданың бас жаттықтырушысы Джованни ван Бронкхорст қазақстандық ойыншыны алаңға шығармай келген еді.
Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташқа" өткен жылы Мәскеудің ЦСКА командасынан ауысып келген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу