Заңдастыру қарқын алуда

Саяжан Каукенова Саяжан Каукенова
12809

Қазақстан азаматтарының заңдастырған қаржыларының орташа көлемі 525 млн теңге болып, бір адамға есептегенде 1 млн 549 мың долларды құраған.

Заңдастыру қарқын алуда Фото: reuters.com

Қазақстанда мүлік пен ақшаны заңдастыру бойынша жүріп жатқан үшінші шараның ресми аяқталуына төрт ай ғана қалды. Оның аралық нәтижелері оң динамиканы көрсетуде. Яғни, ашылған есеп-шоттар мен азаматтардың заңдастырған сомасының саны күн санап артуда. Мұның барлығы мемлекеттік кіріс комитеті қызметкерлері үшін жақсы жаңалық. Қазақстан Қаржы министрлігінің мәліметінше, 26 тамыз күнгі екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) жағдай бойынша қазақ азаматтары 2884 есеп-шот ашып, оған жалпы көлемі 1 трлн 514 млрд теңге болатын сома салған. Өзінің қаражатын ашық көрсеткісі келгендердің ішінде 525 млн теңге салғандар бар. Егер аталған соманы Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша долларға айналдыратын болсақ, онда әр адамның салған сомасы 1 млн 549 мың доллар болады.

Abctv.kz бір адаммен заңдастырылған қаражат көлемі бірнеше жүздеген миллион болатын көшбасшы өңірлердің бестігін көрсетті. Олардың ішінде Алматы, Астана, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары бірнеше ай үзбей алдыңғы қатардан көрінді.

Алматыда 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 26 тамызы аралығында екінші деңгейлі банктерде 1456 есеп-шот ашылып, оған 1 трлн 274 млрд теңге салынған. Орташа есеппен әр адам 875 млн 573 мың теңге салған. Салыстырмалы түрде айтсақ, осыдан бір ай бұрын ЕДБ-да ашылған есеп-шоттардың саны 1195 болып, жалпы қаражат көлемі 1 трлн 134 млрд 293 млн 795 мың теңге болған, ал орташа чектің сомасы 949 млн 199 мың 828 теңгені құраған. Өздерінің миллиондаған қаражатын заңдастырып жатқандардың саны күннен-күнге артуда.

Алматы қаласының ізін басып екінші орында еліміздің мұнайлы өңірі - Атырау облысы тұр. Егер олар 29 шілдеде 12 млрд 134 млн 582 мың теңгеге 25 есеп-шот ашқан болса, орташа есеппен әр адам арнайы  есеп-шотқа 485 млн 383 мың теңге салған. Ал 26 тамыз күні бұл сома бірнеше миллионға өсіп кеткен. Ашылған есеп-шоттардың саны 6 есеге, салынған ақша көлемі 3,5 млрд теңгеге артқан. Сонда ақшасын заңдастырған әрбір адамның орташа сомасы 17 млн теңгеге артып, 502 млн теңгені құраған.

Маңғыстау облысында да елеулі динамика байқалады. Шілде айында екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттеріне төрт адам 2 млрд 285 млн 392 мың теңгені салған, ал 26 тамыздағы көрсеткіш бойынша оның саны үш есеге өскен. Сондай-ақ, жалпы сома көлемі 237 млн теңгеге өсіп, 2 млрд 522 млн 588 мың теңгені құраған. Депозиттің орташа сомасы жайында айтатын болсақ, онда бұл сома тамыз айында шілде айымен салыстырғанда 211 млн теңгеге азайған. Ал бір азаматтың орташа есеп-шоты 360 млн теңгені құраған.

Астана төртінші орынға орналасты. Егер Астанада бір ай бұрын - 29 шілдеде - 213 есеп-шот ашылған болса, 26 тамызда оның саны 319-ға жетті. Ал осы есеп-шоттарға салынған ақша 111 млрд теңге болды. Бұл шілде айында депозит бойынша орташа чек 384 млн теңге болғанын көрсетсе, тамыз айында ол 36 млн теңгеге аз болып, 348 млн теңгені құраған.

 Көшбасшы-бестік қатарын Солтүстік Қазақстан облысы аяқтап тұр. Ондағы 8 млрд 755 млн теңге банктердің 28 есеп-шотына салынған. Бұл әр адам орта есеппен 312 млн 682 мың теңге салған деген сөз. Шілде айының өзінде орташа сома 319 млн теңгеден артық болған.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Қызылорда облысында акция басталған кезден бастап  316 млн 640 мың теңгеге 125 есеп-шот ашылған. Басқаша айтқанда, өз ақшасын заңдастырып үлгерген әрбір адамға 2,5 млн теңгеден немесе 7 мың 474 доллардан келеді.

Қаражат пен мүлікті заңдастыру бойынша үшінші науқанның аралық қорытындысының көрсеткіші мұның алдында 2006-2007 жылдардағы заңдастырылған 840 млрд теңге нәтижесінен асып түсті.

Заңдастыруға қатысты заңнамаға енгізілген түзетулер азаматтар үшін барлық кедергіні жеңілдетіп, қазақтардың заңдастырған қаражатының  көлемін 1,5 трлн теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл туралы abctv.kz "Легализация миллионеров" мақаласында жазған болатын.

Заңдастыру жасайтын субъектілер үшін кепіл беру барысында құқық қорғау органы қызмекерлерінің, басқа да мемлекеттік органдардың, банктер мен басқа да ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау ретінде қылмыстық заңнаманың нормалары  күшейтіліп нақтыланды, заңдастыру барысында алынған ақпаратты қылмыстық іс бойынша дәлел ретінде қолдану мүмкіндігіне де тыйым салынды.

Сонымен қатар, заңдастырлыған мүлікті тәркілеуге тыйым салу туралы норма енгізілді. Бастапқы жоспар бойынша, заңдастыруды аяқтау 2015 жылдың соңына жоспарланған болса, заңнамадағы түзетулермен оны 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу қарастырылды. Және 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін 428 млрд теңге заңдастырылған болса, ал 2016 жылдың қаңтар айының соңында 588 млрд теңге заңдастырылды. Мүлік пен ақшаны заңдастыру акциясы әлі де жалғасуда. 

Саяжан Каукенова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу