Заңдастырудағы өзгерістер

Саяжан Каукенова Саяжан Каукенова
11664

Қазақстандықтар үшін мүлікті заңдастыру процедурасы тағы да қысқартылды.

Заңдастырудағы өзгерістер

Мүлікті заңдастыру туралы декларациясын толтыруға екі өзгерту енгізілді. Біріншісі, валютаға қатысты, ал екіншісі, құжаттарды тапсыру механизміне қатысты.

Егер бұрын теңгемен заңдастырылатын ақша сомасы есебі нарықтық айналым бағамы бойынша есепшоттың ашылған күнімен жасалған болса, ал ол қазір банктік есепшотқа аударылған күнмен жүргізілетін болады. Бұл мүліктерін заңдастыратын қазақстандықтардың пайдасы үшін жасалған дейді қаржы министрлігінің кірістер комитеті өкілі Ерлан Сағынаев.

"Бұл ұлттық валютаның қазір күрт өзгеріп отыруына байланысты жасалған",- деді ол abctv.kz сайтына.

Екінші өзгерту "бір терезе" принципі бойынша декларацияны өткізу процедурасын айтарлықтай қысқартуға байланысты болып отыр. Енді қазақстандықтарға мүліктерін заңдастыру туралы декларацияны өткізу үшін мемлекеттік кірістер органына барудың қажеті жоқ

"Өз мүліктерін заңдастырып жатқан азаматтар заңдастыру туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына екінші деңгейлі банктер арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберуге болады. Бұл азаматтарға қолайлы болу үшін жасалған", - деді ол. 

Мұны былайша көрсетуге болады: мүлікті заңдастыру бойынша қатысты соманы бюджетке төлейтін тұлғалар банктен алысқа шықпай-ақ декларацияны толтырады да, оны ЕДБ қызметкерлеріне қалдырып кетеді. Одан әрі банк кешенінің қызметкерлері декларацияны пошта арқылы мемлекеттік  кіріс қызметкерлеріне жібереді

"Егер бұрын мүлікті заңдастырушы субъект жинақ сомасын төлеу үшін бірінші банкке, содан кейін тиісті декларация мен оған қатысты қажеттерді өткізу үшін мемлекеттік кіріс органына жүгіретін болса, енді ол құжаттардың толық пакетін сол банкте толтыра алады. Ол жерде барлығын банк қызметкеріне қалдырып кете алады, ал банк қызметкері құжаттарды пошта арқылы мемлекеттік кіріс органдарына жібереді",- деп нақтылады ол.

Мүлік пен ақшаны заңдастыру бойынша ағымдағы акциялар туралы нақтырақ, сонымен қатар басқа компаниялардан артықшылығы туралы "Миллионерлерді заңдастыру" материалынан оқи аласыздар.

Саяжан Каукенова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу