Заңғар Нұрланұлы Australian Open Junior турнирінің ширек финалына шықты

348

Маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі Australian Open 2026 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурнде өтуде.

Заңғар Нұрланұлы Australian Open Junior турнирінің ширек финалына шықты Фото: ҚТФ

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы турнирдің үшінші айналымында Ресейдің 18 жасқа дейінгі теннисшілері арасында бірінші нөмірлі ракеткасы Савой Рыбкинмен (13 ITF Juniors) кездескен.

Алғашқы сетте қазақстандық ойыншы 6:1 есебімен  сенімді жеңіске жетті. Ал, екінші партияда Заңғар қарсыласын 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Жартылай финалға шығу үшін Заңғар Нұрланұлы Гонконг атынан шыққан Кай Томпсонмен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу