Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Германияның Оффенбах қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан супер санаттағы ITF Juniors J500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Заңғар үшінші айналымда Латвия өкілі, жасөспірімдер рейтингісінде 50-орында тұрған Рихардс Нейманистан айласын асырды.
Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде жасөспірімдер арасында әлемнің 7-ракеткасы З.Нұрланұлы 6:3, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.
Өзара кездесуде есеп - 3:0, қазақстандық теннисшінің пайдасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу